Bays.kz

trubi

Құбыр желілеріне мониторинг жүргізу

Мұнай және газ құбырлары сұйық пен газ тәріздес материалдарды тасымалдайтын үнемді және жылдам тасымалдаушы жүйе болып табылады. Әдетте құбыр желілерін әртүрлі ауа-райы, антропологиялық факторлардан және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жер астына ендіріледі, алайда ендірген кезде геологиялық сипаттардан, мысалы, сел және көшкіндер қаупінен, құбыр желілерінің бұзылуын алдын алу мүмкін емес. Құбыр желісі жанындағы жердің кез-келген қозғалысы құбыр ішінде кернеуді тудырып,ол өз кезегіне кейбір жағдайларда сынуға немесе созылуға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты құбыр желілері және қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды параметрлерді өлшеуге және тексеруге қабілетті  мониторинг жүргізудің диагностикалық жүйесі пайда болды.

Құбырлар желілеріне мониторинг жүргізуге негізінен екі бақылау түрі кіреді:
1. Құбыр желісінің кернеу мониторингі. Әдетте, Кернеу мониторингісін жүргізу мақсатында құбыр желісіне электр қадасы бар немесе дірілдейтін сымы бар автоматты түрде мүмкіндігі бойынша қашықтықтан құбыр желісіне әсер ететін экстензометр орнатылады. Бұдан басқа, жылу корреляциясын қамтамасыз ету үшін құралдар термисторлармен жасақталады. Экстензометрлер негізінен құбыр желісінің болаттан жасалған бетіне орнатылады және бір-біріне 1200 бұрышта орналасқан 3 қадағадан тұрады. Қадағалар гравитациялық сипаттар әсерінде тұрған құбыр желісінің маңызды жерлеріне мониторинг жүргізу үшін дұрыс орналасуы керек.
2. Құбыр желісіне жақын тұрған жерлерге мониторинг жүргізу. Құбыр желісіне жақын орналасқан аумақтар әдетте келесі құралдар көмегімен жүргізіледі. Олар: