Bays.kz

zdaniya

Ғимараттар мен имараттарға мониторинг жүргізу

BAYS өз қызметін жобалау, жеткізу және ғимараттар мен шұңғылдар жанында орналасқан басқа құрылыстарға құрылымдық және гидрологиялық мониторинг жүйесін монтаждауды ұсынады. Қала шекарасында шұңғылдарды қазу кезінде көрші алаңдардың өлшемін алу әрдайым маңызды, атап айтқанда, шұңғыл мен жердің қоршаған құрылыстармен өзара әрекеттесуін ескерген жөн.

Тапсырушының талаптарына сүйене отырып және өз мамандарымыздың тәжірибесі негізінде  шұңғылдар мен көрші құрылымдардың диагностикалық мониторингін жүргізу жүйесін жүзеге асыру бойынша өз қызметтерімізді ұсынамыз. Мониторинг жүйесі құралдар жинағынан және жиналған деректерді өңдеуге арналған (жергілікті және қашықтағы тәртіпте)  деректер тіркеуішінен тұрып, соның ішінде барлық тексерілетін параметрлердің динамикасын қазіргі уақытта бақылау жүргізеді.