Bays.kz

logo

You are here:Басты бет»Жаңалықтар»6-9 қазан аралығындағы КIOGE 2015 «Мұнай және Газ» форумы

6-9 қазан аралығындағы КIOGE 2015 «Мұнай және Газ» форумы

Алматы қаласында қазанның 6-9 аралығында KIOGE 2015 «Мұнай және Газ» ірі салалық форумы өтті.  Көрме, барлау мен өндіруден бастап, қайта өңдеу және әлемнің 25 елінен кеңес беру қызметтеріне дейін 12 бөлімдерден тұратын 350-ден астам компаниялардың экспозициясын ұсынды. Ұлттық стендтер арасында Австрия, Қытай және Германия мемлекеттері болды. Көрме алаңында мұнай және газ бүрку, сақтау және тасымалдау технологиялары ұсынылды. Экспоненттердің арасында өлшем құралдарын, қысым қадағалары мен соңғы буын температуралық қадағалар өндірушілерінің экспоненттері ұсынылды. Бірыңғай неміс павильонында жиырма алты неміс компаниялары бұрғылау, өңдеу, далалық құрылысқа арналған жабдықтардың кең спектрін ұсынды. Ірі экспоненттердің арасында Artec AIS GmbH, Bauer Kompressoren GmbH, Fasek, Hummel AG және басқалар сияқты танымал брендтер болды. Австриялық стенд өнеркәсіптік инженерия технологияларын, сорғы және компрессор жүйелерін, құбыр құрылысын, дәнекерлеу жабдығын ұсынатын он компаниямен таныстырды.
Шетелдік қатысушылармен қатар, отандық және бірлескен кәсіпорындар және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған инновациялық шешімдерді көрсетті.

Read 586 times Last modified on Жұма, 05 Ақпан 2016 11:33