Bays.kz

logo

You are here:Басты бет»Жаңалықтар»Оригами стиліндегі жаңа конструкция ғимараттар мен көпірлер құрылысында қолданылуы мүмкін.

Оригами стиліндегі жаңа конструкция ғимараттар мен көпірлер құрылысында қолданылуы мүмкін.

. .

Оригами стиліндегі жаңа конструкция ғимараттар мен көпірлер құрылысында қолданылуы мүмкін. Әскери баспаналарды, күн панельдерін, аккмуляторларды, дрондарды шығара отырып, инженерлер жапондық оригами көне өнері, қағаз тырналар жасауға ғана емес одан да басқа істерге қолдануға болатындығын  дәлелдеп келеді. Урбан-Шампейндегі Иллинойс штатындағы университеттің, Джорджия  технологиялық институтының және Токио университетінің зерттеушілері оригами стилінен шабыттанып «zipped tube» жаңа конструкциясын шығарды, ол біраз салмақты көтере алатындай күшті болып келеді. Жаңа зигзаг тәріздес техника Миура-ори атты техникаға негізделген. Зерттеушілердің айтуы бойынша бұрыш бойына екі осындай конструкцияны қосқан кезде және деформацияға яғни бұралу  мен сығылу болмайтын жан-жаққа бағытталатын бүктелмейтін конструкцияны алуға болады. Бірнеше оригами-түтіктерінен тұратын құрылым мықты құрылыстарды жасауға атап айтқанда аркалар, зәулім сарайлар және көпірлер салуда пайдалануға болады. Зерттеушілердің жасаған оригами-түтіктері қағаздан жасалғандығын назар аудара отырып бұл құрылым қағаз күйінде де мықты екендігін айтып кетті. Дегенмен бұл технология басқа да материалдар арқылы жасалынады, мысалға метал немесе пластик. Түтіктердің қосылу бұрышын өзгерте отырып, барлық құрылымның күштілігіне қол жеткізуге болады. Осылайша, ғалымдардың ойынша, құрылымдарды нақты уақыт тәртібінде трансформациялауға және  функционалды сипаттамаларын өзгертіп қазіргі жағдайларға сәйкес қолдануға болады. Бұл технологияның тағы да бір қолйлығы, лоның масштабын өзгрету мүмкіндігінде. Басқа сөзбен айтқанда, оның көмегімен үлкен және мықты конструкциялар жасауға және өте кішкентай нано өлшмді роботтар мен биомеициналық қондырғылар жасап шығаруға болады.

Read 563 times Last modified on Жұма, 05 Ақпан 2016 11:31